Меню

Страницы

Статья

Камералдық бақылау

Салықтөлеушi (салықагенті) ұсынғансалықтықесептілікті, уәкілеттімемлекеттікоргандардыңмәліметтерін, сондай-ақсалықтөлеушініңқызметітуралыбасқадақұжаттарменмәліметтердізерделеужәнеталдаунегiзiндесалықоргандарыжүзегеасыратынбақылаукамералдықбақылауболыптабылады.

      Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері

  1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

      1) салықтық есептілікті;

      2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

      3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;

      4) осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.

  1. Камералдық бақылау осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі.
  2. Камералдық бақылау осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау нәтижелерi

  1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

      Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

      Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекел дәрежесі елеусіз бұзушылықтарға қолданылмайды және тәуекелдерді басқару жүйесінде ескеріледі.

  1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:

      салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

      салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомаларды аударған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

      Түсінікте:

      салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;

      түсінікті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;

      түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;

      түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіздер және дәлелдемелер болып табылатын мән-жайлар көрсетілуге тиіс.

      Егер түсінікте түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіз ретінде дәлелдемелерді растау ретінде құжаттар көрсетілетін болса, онда салықтық есептіліктен басқа, түсінікте көрсетілген құжаттардың көшірмелері түсінікке міндетті түрде қоса беріледі.

      Түсінікті ұсыну арқылы хабарламаны орындау шеңберінде өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  1. Салық төлеуші осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген түсінікті камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған мынадай:

      1) мыналар:

      жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;

      заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;

      2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;

      3) мыналар:

      заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;

      заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.

  1. Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарады және оны салық төлеушiге мынадай тәсілдерінің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

      2) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді;

      3) оны салық төлеушіге қолын қойдыра отырып табыс етеді.

      Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:

      1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

      шешім пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде – оны келу тәртібімен алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      4-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) оған жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауы жүргізіледі.

      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімді жіберген салық органына жіберуге тиіс.

      4-2. Осы баптың 4-1-тармағында белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша қалпына келтіреді.

      Шағымды қарайтын салық органы шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігін дәлелді себеп ретінде таниды.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген адамдар болмаған уақытта оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздігін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

      Салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын қанағаттандырады.

      4-3. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімге шағым берген кезде:

      1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;

      2) сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.

  1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:

      1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;

      2) сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған, осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілген жағдайларда, салық төлеуші заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған заңды тұлғадан және (немесе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын дәлелдеуге құқылы.

  1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.
  2. Осы Кодекстің 59-бабының 6-тармағына және 66-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

 

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 сентября 2026
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық
Ақпарат
22 сентября 2026
Арнаулы салық режимдері
Ақпарат
22 сентября 2026
Корпоративтік табыс салығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы