Меню

Страницы

Статья

«E salyq Аzamat» – болашақ үшін жасалған қосымша

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сәйкес, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.

Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу -  мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы  негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Осыған орай, 100 нақты қадам ұлт жоспарының 42 қадамына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 71 тарауыны сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпығабірдейдекларациялау жүейсі енгізілді.

Аталған жүйені іске асыру және мемлекеттік кірістер органдарымен қарым-қатынасты оңайлату мақсатында, 2020 жылдан бастап «Электрондық салық әмияны» «E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оны App Store немесе Play Market-тен (әрі қарай өту үшін басыңыз) тегін жүктеп алуға болады.

Сервис заматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді. Бұрын салық төлеушіге банкке бару, кезекте тұру, банк комиссиясын төлеу, салықты төлеу үшін көптеген деректемелер мен кодтарды таңдау қажет болатын. 

Бұдан басқа, Салық әмиянында мүлікке, жерге және көлік құралына қолда бар салық салу объектілері бойынша онлайн толтыруды, авто тасымалдауды және қарауды жүргізуге болады. Салық салу объектілері бойынша деректерді түзетуге уәкілетті мемлекеттік органдарға электрондық өтінімдерді жіберу мүмкіндігі іске асырылды, осылайша біз салық төлеушілерді бас артық инстанциялар бойынша жүруден сақтаймыз. 

 

Қосымшаның негізгі мәзірінде бірқатар электрондық қызметтер: 

 - «Электрондық салық әмияны» 

- Салық салу және түзету объектілері бар. 

Белгілі болғандай, жеке тұлғалар жыл сайын жылжымайтын мүлік объектілері, көлік құралдары, жеручаскелері бойынша мемлекеттік органдардың деректер базасының өзектілік проблемасымен бетпе-бет келген. 

Бұл проблеманы шешу үшін 2019 жылғы қаңтардан бастап дерекқорларды өзектендіру жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, оның құрамына ҚМ, ІІМ, ЦДИАӨМ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «ҰАТ» АҚ техникалық өкілдері кірді. 

- «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» бұл қызметкерге жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауға мүмкіндік береді.

Бұл азаматтық бақылаудың бір түрі, онда қызметкер қандай кірістер көрсетілгенін және жинақтаушы зейнетақы қорларына және басқа қорларға есептеулер жүргізілгенін өзі тексере алады. 

- «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы Сервис» (берешекті бір мезгілде төлеу мүмкіндігімен тексеру); 

- «ЖТ және ДК алдағы төлемдер сервисі» (салықтар бойынша болашақ төлемдерді тексеру); 

- «Калькулятор» (көлікке салынатын салықты және ЖТС, өсім пұлды есептеу); 

- «БЖТ төлемі» (ЕХӘҚМ және «Қазпочта» АҚ интеграция жүргізілді»); 

- «Электрондық кезекті Онлайн брондау» (кезекті МКО бармай-ақ брондау); 

- «Салық төлеушілерді іздеу» (салық есебінің бар болуын тексеру); 

- «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» (азаматтық-құқықтық шарттар жасау кезінде тіркелуі тәуекелдерді бағалау үшін жарамсыз деп танылған жалған кәсіпорынның мәртебесін тексеру); 

- «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер»;

- «Анықтамалықтар» (бизнес субъектілерінің тізілімдері, ЕТЖ, АЕК, МКО анықтамалары, МКК АЖ-мен оларды жедел өзектендіре отырып біріктірілген)); 

- «Салық күнтізбесі» (декларацияларды табыс ету мерзімдері, салықтарды төлеу мерзімдері); 

- «Шағымдардың электронды қкітабы»;

- «Жиі қойылатын сұрақтар». Мұнда МКК байланыс орталығына келіп түсетін өзекті сұрақтарға жауаптар бар (күніне шамамен 1,5 мың қоңырау түседі). Жеке тұлғалардан сұрақтардың 60%-ға жуығы салық салу объектілері бойынша салықтарға, берешекке, салық төлеу мерзімдеріне қатысты келіп түседі. 

«e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны (250.00 есептілік нысаны) ұсыну бойынша сервис іске асырылды.

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 сентября 2026
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық
Ақпарат
22 сентября 2026
Арнаулы салық режимдері
Ақпарат
22 сентября 2026
Корпоративтік табыс салығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы