Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сәйкес, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.
Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу - мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.
Осыған орай, 100 нақты қадам ұлт жоспарының 42 қадамына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 71 тарауыны сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпығабірдейдекларациялау жүейсі енгізілді.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
Кірістерді декларациялауды іске асыру:
Декларациялау жүйесіне енген кезде ативтер мен міндеттемелер туралы (250.00 - нысан) декларацияны тапсыратын болады.
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүліктер туралы (270.00 - нысан) декларацияны тапсыратын болады.
Декларацияларды ұсыну мерзімдері
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:
1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
2) электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.