1-Тауардың кедендік құнын дұрыс анықтамау және төмендету.
2-Есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу жүргізілген тауарды мақсатсыз пайдалану (ҚР Салық кодесінің 250 - бабын бұзу-тауарды өткізу).
3-Шартты түрде шығарылған тауарларды мақсатсыз пайдалану.
4-Тыйым салулар мен шектеулерді, оның ішінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтамау.
5-Тауарлардың СЭҚ ТН коды бойынша дұрыс емес жіктелуі.
6-Тауарларды декларацияламау.
7-Тауарларды анық емес декларациялау (осы тізбеде көрсетілген бұзушылықтарды қоспағанда).
8-Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден заңсыз босату.
9-Тауарлардың шығарылған елін дұрыс емес анықтау.
10-Тарифтік преференцияларды беру шарттарын сақтамау.
11-Кедендік төлемдер мен салықтарды дұрыс есептемеу және уақтылы төлемеу.
12-Уақытша сақтау қоймасы иесінің кеден заңнамасының талаптарын сақтамауы.
13-Бажсыз сауда дүкені иесінің кеден заңнамасының талаптарын сақтамауы.
14-Уәкілетті экономикалық оператордың кеден заңнамасының талаптарын сақтамауы.
15-Кеден қоймасы иесінің кеден заңнамасының талаптарын сақтамауы.
16-Еркін қойма иесінің кеден заңнамасының талаптарын сақтамауы.
17-Еркін экономикалық аймақтар резиденттерінің тізіліміне енгізілген СЭҚ қатысушысының кеден заңнамасының талаптарын сақтамауы.
18-Шетелдік Инвестициялары Бар ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде тауарларды әкелу және декларациялау кезінде заңнама нормаларын бұзу.
19-Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдердің шарттарын (тауарларды шығару шарттарын, мәлімделген кедендік рәсімге орналастыру шарттарын), оның ішінде тауарлар Кеден одағының тауарлары мәртебесіне ие болмайтын орналастыру кезінде сақтамау.
20-Өзге де бұзушылықтар.