Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАНДА «TAX FREE» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы №363 бұйрығына сәйкес елімізде шетелдік туристерге арналған «Tax Free» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

«Tax Free» — шетелдік туристерге Қазақстанда сатып алған тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкету кезінде ҚҚС сомасының бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік беретін жүйе.

Жоба ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына қолданылмайды.

📍 Пилоттық жоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Бурабай кентінде орналасқан стационарлық сауда нысандарында жүзеге асырылады.

🔹 ҚҚС өтемақысы жалпы сомасы кемінде 10 АЕК, яғни 2026 жылы 43 250 теңге болатын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған жағдайда беріледі.

🔹 «Tax Free» құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электрондық түрде ресімдейді.

Жобаға ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген және стационарлық сауда нысандарында азық-түлік емес тауарларды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлер қатыса алады.

«Tax Free» жүйесіне қосылудың бизнес үшін артықшылықтары:

✅ шетелдік туристерді тарту;
✅ сату көлемі мен орташа чек мөлшерін арттыру;
 сауда нүктесінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту;
 туристерге ҚҚС-ты халықаралық деңгейде қайтару қызметін ұсыну.

Жүйеге қосылу және оны бизнес үшін пайдалану — тегін.

Толық ақпарат және жобаға қосылу:

🌐 taxfree.kz
🌐 globalblue.com

Дата публикации
10 сентября 2026
Дата обновления
10 сентября 2026
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Ақпарат
22 сентября 2026
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық
Ақпарат
22 сентября 2026
Арнаулы салық режимдері
Ақпарат
22 сентября 2026
Корпоративтік табыс салығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы