Меню

Страницы

Статья

нормативтік құжаттарға да қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

🌳Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 2 қаңтарында (№400-VI ҚРЗ) жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Осы кодекске сәйкес басқа нормативтік құжаттарға да қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 02.01.2021 жылғы №402-VI заңына сай Салық кодексіне де өзгерістер енгізілді.
Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы төлеушілері орнына қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушісі болып өзгертілді.
Салық кодексінің 574 бабы, 1 тармағына сай қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы төлеушілері болып қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын барлық тұлғалар табылатын болса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушісі болып, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады болып өзгертілген. Ал, IV санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушісі болып табылмайды.
Осыған байланысты, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушісі болып жүрген салық төлеушілерге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан санаттарын анықтау қажеттілігін және IV санаттағы объектілердің операторлары болып табылған жағдайда қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеуден босатылатынын хабарлаймыз.

Дата публикации
20 июня 2023
Дата обновления
20 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 сентября 2026
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық
Ақпарат
22 сентября 2026
Арнаулы салық режимдері
Ақпарат
22 сентября 2026
Корпоративтік табыс салығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы