Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) қолдануға қатысты мыналарды түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ТІЖ және Виртуалды қойма мәселесін шешу бойынша ұсыныстар әзірледі:
- Барлық тауарлар бойынша ТІЖ жөніндегі пилотты 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзарту, атап айтқанда:
- өндірісі мен айналымы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын;
- этил спирті және алкоголь өнімдері, олардың өндірісі мен айналымы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;
- өндірісі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері;
- Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар;
- Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкетілетін тауарлар;
- электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазылуға жататын тауарлар.
- Құрылыс тауарлары мен темекі өнімдеріне арналған пилотты алып тастау, сондай-ақ үй жанындағы дүкендер (шағын сауда орындары) үшін акцизделетін өнімге арналған ТІЖ растауын алып тастау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 401 бұйрығымен келесі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді:
- Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі;
- Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары;
- Тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері.
Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (2022 жылғы 19 сәуірде жарияланған) қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Естеріңізге салайық, Пилоттық жоба ТІЖ-ді міндетті енгізуге «жұмсақ» көшуді қамтамасыз етуге бағытталған және салық төлеушілердің ТІЖ-бен жұмыс істеуге бейімделуін, олардың есеп жүйесін құруын және сатып алушылар мен жеткізушілермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге арналған.
Пилоттық пайдалану кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.
Сондай-ақ электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) салық төлеушілердің шағын кәсіпкерлік режимін қолдану тетігінің іске қосылуына байланысты ТІЖ тіркеу кезінде салық төлеушінің Шағын сауда нүктесіне тиесілігі тексерілетінін түсіндіреміз.
«Шағын сауда нүктесі» санаты келесі шарттармен анықталады:
- қызмет түрлеріне сәйкестілігі (бөлшек сауда, негізгі экономикалық қызмет кодекстеріне сәйкес тамақ өнімдері мен сусындар қызметтерін көрсету, көтерме сауданың болмауы);
- онлайн бақылау-касса машинасының болуы;
- салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды;
- оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі қолданылады.
Егер сіздің компанияңыз «Шағын сауда нүктесі» санатына жататын болса, бірақ бұл белгі ЭШФ АЖ-да болмаса, қолдау көрсету қызметіне mailto:esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7(7172)72-78-72 телефон нөміріне өтінім беруі қажет.