
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) жүргізу түпкілікті тұтынуды немесе экспортты қоса алғанда, импорттан/өндірістен барлық өткізу тізбегі бойынша тауар айналымын автоматты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілген бақылану жүйесінің соңғы элементі болып табылады.
ТІЖ ресімдеу «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде жүзеге асырылады.
Модульдің функционалы кедендік ресімдеуден кейін импортталған тауар автоматты режимде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Виртуалды қоймасына кіретіндей етіп құрылған.
Одан әрі сату үшін ТІЖ ресімдеу Виртуалды қоймадан тауарды таңдау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Виртуалды қоймадағы барлық ақпарат (тауардың атауы, СЭҚ ТН коды, өлшем бірліктері, тауардың шығу көздері бойынша ақпарат) құрылатын ТІЖ-де автоматты түрде толтырылады, бұл мәліметтерді енгізудің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.
Сатылатын тауарлардың санын көрсеткен кезде, Жүйе мұндай санның Виртуалды қоймада бар-жоғын автоматты түрде тексереді және егер тауарды сату үшін қоймадағы қалдықтардан көп болса, экранда қате туралы хабарлама пайда болады. Осылайша, декларацияланған көлемдер шегінде тауарларды сатуды автоматты бақылау жүзеге асырылады.
ТІЖ ресімделгеннен кейін сатып алушы ТІЖ-ді растағанға дейін тауарлар Жүйе бойынша резервке қойылады. Бұл осы өнім ТІЖ ресімдеу үшін кездейсоқ таңдалмауы үшін жасалады.
ТІЖ расталғаннан кейін, ол алынған тауарлар ТІЖ-де көрсетілгенге сәйкес келеді дегенді білдіреді, тауарлар автоматты түрде жеткізушінің Виртуалды қоймасынан сатып алушының Виртуалды қоймасына ауыстырылады.
Осылайша, бақылану жүйесінің маңызды элементтері тауарды жөнелту басталғанға дейін тауардың қозғалысымен бірге жүретін құжатты ресімдеу, сондай-ақ құжатты растау немесе қабылдамау мүмкіндігі болып табылады.
ТІЖ қолдануға «жұмсақ» көшуді қамтамасыз ету үшін жыл басынан бастап Пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Пилоттық жобаны жүргізу, соның ішінде салық төлеушілердің ұсыныстары бойынша функционалдылықты жақсартуға, сондай-ақ шаруашылық операциялардың барлық алуан түрлілігі үшін оның жұмысын тексеруге мүмкіндік береді.
Осыған дейін акцизделетін тауарларға және «Виртуалды қоймада» жұмыс істеуге ілеспе жүкқұжаттар жазып бергендерге жататын ең дайындалған салық төлеушілер ТІЖ ресімдеуге бастапқыда тартылуы үшін ТІЖ енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, осыған байланысты, ҚР Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес ҰБТ-ға арналған пилоттық жобаның мерзімі ұзартылды 2021 жылдың 1 cәуiр дейін.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша:
1) Байланыс орталығына-1414 нөмірі бойынша, қосымша нөмірі 4;
2) ҚР ҚМ МКК Инстаграм парақшасына – мына сілтеме бойынша: https://instagram.com/press_kyzmet_kgd?r=nametag;
3) МКК YouTube арнасына- мына сілтеме бойынша: https://youtube.com/user/salykgovkz;
4) ҚР ҚМ МКК Facebook парақшасына – мына сілтеме бойынша: https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/;
5) "ҚР ҚМ МКК-мен ТІЖ енгізу" жеделхат қоғамдастығына- мына сілтеме бойынша: https://t.me/joinchat/GKvfM8gwBMMuyA2M;
6) Facebook - тегі "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) форумына – мына сілтеме бойынша: https://www.facebook.com/groups/esf.gov.kz?modal=false&should_open_composer=false хабарласыңыз.