
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті темекі бұйымдары бойынша айналымды жүзеге асыратын салық төлеушілердің назарына жеткізеді:
«Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 Қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 сәуірден бастап таңбалауға жататын тауарлардың мынадай тізбесі қолданысқа енгізіледі:
|
Тауардың атауы |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды |
|
Өнеркәсіпте жасалған өзге де темекі және өнеркәсіптік темекі алмастырғыштар; өзге де темекі сығындылары мен эссенциялары |
2403999009 |
|
Құрамында темекі бар темекі, сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, сигариллалар және темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған құрамында қалампыр бар сигареталар |
2402201000 |
|
Өзге де сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған сигариллалар мен сигареттер |
2402900000 |
|
Ұштары кесілген сигареталар, сигаралар және құрамында темекі бар сигариллалар |
2402100000 |
|
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының" "Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке суы; темекі және оны алмастырғыштар" деген IV бөлімінің "24. Темекі және темекіні өнеркәсіптік алмастырғыштар" 1-тобының субпозициясына ескертпеде көрсетілген кальянға арналған темекі |
2403110000 |
|
Бастапқы орамада нетто-салмағы 500г аспайтын кез келген пропорцияда темекі алмастырғыштары бар немесе жоқ өзге де шегілетін темекі |
2403191000 |
Темекі өнімдерін таңбалауды импорттаушы, сондай-ақ темекі өнімдерін өндіруші тұлғалар жүргізетінін хабарлаймыз.