
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 02.03.2021 жылы "Тиолайн Обуховский ГОК" интернет-ресурсында "Айдың қорытындылары. АҚПАН" бейне-ролигін орналастыруға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тапсырмасы бойынша "ТИОЛАЙН" ЖШС-не қатысты 2016-2020 жылғы салық кезеңі үшін жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілгені туралы хабарлайды.
Жүргізілген тексеру барысында "ТИОЛАЙН" ЖШС ұсынған салық есептілігіндегі мәліметтердің өндірілген пайдалы қазбалардың көлемі бойынша уәкілетті органның, "Севказнедра" Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті" РММ мәліметтерімен алшақтығы анықталды.
Осыған байланысты, Департамент жүргізген тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіруге 272,5 млн.теңге сомасында салық есептелді.
Салықтарды есептеумен келіспеген жағдайда салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға жоғары тұрған органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
Департамент қызметкерлері мен басшысы Т.Д. Кабдушевтің "ТИОЛАЙН" ЖШС-не қатысты салық сомаларын есептеу және салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарлама қою бойынша іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілді.