
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 «Фильтрлі сигареттерге, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы «Қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қантардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін 500(бес жүз) теңге мөлшерінде фильтрлі/фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) 25.12.2017 жылғы № 121-VI ҚРЗ қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес ҚР Салық кодексіне өзгерістер қабылданды, оған сәйкес 2021 жылғы 1 қантардан бастап 2022 жылғы 1 қантарға дейін алкоголь өніміне арналған акциз мөлшерлемесі бойынша 100% спирттің литріне 2550 теңге, фильтрлі/фильтрсіз сигареттерге арналған акциз мөлшерлемесі бойынша 11100 теңге 1000 дана үшін.