Результаты деятельности управления экспортного контроля Департамента государственных доходов за 2020 год

Результаты деятельности управления экспортного контроля Департамента государственных доходов за 2020 год

«Қазақстан Республикасының РФ және ҚР Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыру кезінде ҚР ҚМ МКК және ҚР ҰҚК ШҚ өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 31.05.2018 жылғы №221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 06.06.2018 жылғы № 405 бекіткен бірлескен бұйрығына сәйкес, Экспорттық бақылау басқармасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына жүк көлік құралының жүргізушісі беретін құжаттарды сканерлеу жолымен автомобиль өткізу пункттерінде тауарлардың өткізілуіне мониторинг жүргізеді, шекара арқылы тыйым салынған тауарларды өткізу мәніне мәліметтерді тексереді.

2020 жылдың кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы автомобиль өткізу пункттерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде 180 мыңнан астам автомобиль құралдарына қатысты құжаттарды сканерлеп, деректер базасына мәліметтер енгізді.

2020 жылдың басынан бастап уәкілетті органдардан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінен алынған мәліметтерді өңдеу нәтижелері бойынша импортталған тауарлардан қосылған құн салығы сомасының бюджетке түсуінің қосымша резервтерін анықтау мақсатында 686,6 млн.теңге сомасына 400 салық төлеуші бойынша қосымша резервтер есептелді және өндірілді. 311 салық төлеуші бойынша 16,0 млн.теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді.

Салық міндеттемелерінің орындалуын бақылау мақсатында 2020 жылдың ішінде салық төлеушілерге салық заңнамасының бұзылуы туралы 606 хабарлама жолданды, атап айтқанда – импортталған тауарларды әкелу туралы өтініштерді ұсынбау. Салық төлеушілердің осы хабарламаларды орындау нәтижелері бойынша бюджетке 70,6 млн. теңге түсті.

2020 жыл ішінде әлемде және Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуының теріс әсері байқалды, бұл бюджетке түсетін түсімдер серпінінде айқындаушы факторға айналды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тауар айналымының жалпы төмендеуі аясында импорт көлемін өткен жылдың деңгейінде ғана емес, сонымен бірге 2020 жылдың екінші жартыжылдығында импорттың өсуіне мүмкіндік берді.

2020 жылға ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС бойынша жоспар 17,2 млрд. теңге белгіленді, 17,6 млрд. теңге түсті, ауытқумен 102,7% - ды құрады.

  Бұл ретте, 2019 жылғы түсімге қатысты 2020 жылғы өсу қарқыны 145,5% - ды құрады (2019 жылғы түсімдер 12,2 млрд. теңгені құрады), 5,5 млрд. теңгеге өсім байқалады.