Меню

Страницы

Статья

4 санат бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені ушін тәлем.

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексітің (Салық кодекс) 574-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Экологиялық кодкесі) сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) төлеушілер болып табылады.

Экология кодкесінің 12-бабының 6-тармағына сәйкес объектінің операторы деп меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі.

Осыған орай, объектің меншігіде немесе келісім бойынша  жалға алушыда төлемақы төлеуші болып табылады.

Салық кодекстің 575-бабына сәйкес мыналар:

1) ластаушы заттардың шығарындылары;

2) ластаушы заттардың төгінділері;

3) көмілген қалдықтар;

4) көмірсутекті барлау және (немесе) өндіру операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт түрінде есепті кезеңде (І және ІІ санаттағы объектілер үшін – белгіленген нормативтер және лимиттер шегінде, ІІІ санаттағы объектілер үшін – декларацияланған көлем шегінде) қоршаған ортаға теріс әсер етудің (радиоактивті қалдықтар үшін – масса, белсенділік өлшем бірлігі), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Салық кодекстің 579-бабы 1-тармағына сәй ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластау объектiсiнiң орналасқан жеріндегі салық органдарына декларация тапсырады.

Экологиялық кодкесінің 418-бабы 3-тармағына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.

Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес өтініштің нысанын, оны қарау және объектінің санатын айқындау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Осылайша, салық төлеуші тиісті объектілерді лайықты шығарындылардың білгілі санаттарына (I, II, III и IV санаттарына) жатуын анықтау мақсатында өтінішті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жолдау қажет.

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объект IV санатына жататын жағдайда, салық міндеттемелері (салық есептіліктерді ұсыну және алымдарды төлеу) сол объект бойынша туындайды.

Дата публикации
29 сентября 2022
Дата обновления
29 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы