Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 14 шілдеде № 20955 болып тіркелді.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда-ҚР Қаржы министрінің 2021.04.30 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-ҚР Қаржы министрінің 2021.04.30 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; ;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі" Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "этил спиртін өндіруге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес" алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру " мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес" алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру " мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес" Қазақстан Республикасының резиденттігін растау " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес" салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) " Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "салық есептілігін кері қайтарып алу" Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес" төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару "мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес" салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту " Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес" Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес" авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; ;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес" уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес" кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес" кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес "тауарлардың шығу тегі туралы алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес "тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес "тауарды құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделетін жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде сыныптау туралы шешім қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес "халықаралық тасымалдау көлік құралын кедендік пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес "уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; ;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес "бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес "өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес" көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес "жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес "транзиттік декларацияны қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
міндетін атқарушы
Қаржы министрі Б. Шолпанқұлов
"Келісілді"
Цифрлық даму министрлігі,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі