Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 569-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының                   2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде            № 5675 болып тіркелген) негізінде, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының             хатшысы

 

 

 

В. Бубенко

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2022 жылғы 20 сәуірдегі

№ 16/2 шешіміне қосымша

 

 

 

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшерлемелері

 

 

р/с

№

Өзен, көл, теңіз бассейндері

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Есіл өзенінің бассейні

Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

153,94

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

теңге/1000 текше метр

426,5

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

121,13

4

Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

121,13

5

Гидроэнергетика

теңге/1000 киловатт/сағат

42,9

6

Су көлігі

тенге/1000 көліктік километр

12,62

Дата публикации
31 мая 2022
Дата обновления
31 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы