Салықтар - қоғамдағы экономикалық қатынастардың қажетті буыны. Салық түсімдері барлық деңгейдегі бюджеттердің кіріс бөлігінің негізгі көзі және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімді құралы болып табылады. Түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік мемлекеттік кірістер органдарына жүктеледі және олардың жұмыс істеу сапасы көбінесе ел бюджетінің қалыптасуын алдын ала айқындайды.
2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдарымен МКК құзыретіндегі Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жоспары 105,7% орындалды. Мәселен, 102,6 млрд. теңге жоспар бойынша бюджетке 108,5 млрд.теңге түсті, бұл 2020 жылға қарағанда 12,4% артық. Оның ішінде, Республикалық бюджеттің жоспар-болжамы 101,6% орындалды, түсімдер 46,2 млрд.теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер өткен жылғы көрсеткіштен 8,1% асып түсті.
Жергілікті бюджетке 62,3 млрд. теңге түсті, бұл 2020 жылғы деңгейден 15,8% жоғары, жоспардың орындалуы 109% қамтамасыз етілген.
Өсім салық төлеушілердің қызметін тиімді басқару, сондай-ақ қосымша резервтерді анықтау есебінен қамтамасыз етілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бюджетке қосымша 8 млрд.теңге түсті.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ең көп үлес салмағын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға салынатын қосылған құн салығы алады, оның үлесі 41,7% немесе 19,3 млрд.теңгені құрайды. Жергілікті бюджетке төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы ең көп үлес салмақты алады, оның үлесі 30,7% немесе 19,1 млрд.теңгені құрайды, екінші орында әлеуметтік салық тұр, оның үлесі 22,5% немесе 14 млрд. теңгені құрайды. Бұл екі көзге Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің 53,2% тиесілі.
Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер органдары алдағы уақытта да түсімдердің өсуін қамтамасыз ету және бюджеттің барлық деңгейлері бойынша болжамды көрсеткіштердің орындалуы бойынша жұмыс жүргізетін болады.