Меню

Страницы

Статья

«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»

«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 Бұйрығының қолданысына қатысты

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 Бұйрығының қолданысына қатысты сұрауды қарап, өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексін) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Салық кодексінің 427 және 428-баптарының күші 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды (ҚҚС есепке жатқызу әдісінің қолданылу мерзімін ұзарту).

Көрсетілген нормативтік құқықтық актіде мынадай тауарлардың пестицидтердің, асыл тұқымды малдардың барлық түрлерінің және тірі ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтарды есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу мүмкіндігі алынып тасталғанын қосымша хабарлаймыз.

Дата публикации
04 февраля 2022
Дата обновления
04 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы