Құрметті салық төлеушілер!
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті қою үшін төменгі шектік мәннің төмендеуіне қатысты келесіні хабарлайды:
2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Салық кодексінің 82-бабының 4-тармағына өзгерістер енгізілді. ҚҚС бойынша есепке қою үшін ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 - еселенген мөлшерін құрайды.
2022 жылы АЕК 3 063 теңге мөлшерінде белгіленген, демек, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төмен айналым - 61 260 000 теңгені құрады.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салықтық режимді қолданатын ЖК үшін ҚҚС төлеуші ретінде қою шегі үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдана отырып ұлғайтылды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 124 184-еселенген мөлшері шегіндегі (2022 жылы - 380 375 592 теңге), үш құрамдасты интеграцияланған жүйе міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.
Сондай-ақ бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымы ең төмен айналымға енгізілмейді.