Меню

Страницы

Статья

2021 жылға арналған Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасы қызметінің нәтижелер,

Экспорттық бақылау департаменті 2018 жылғы 09.01. бастап жұмыс істейді. Басқарманың негізгі міндеттері жүкке ілеспе құжаттарды сканерлеу арқылы автокөлік өткізу пункттеріндегі тауарлардың өтуін мониторингтеу, тыйым салынған тауарларды шекарадан өткізу туралы ақпаратты тексеру, импорттан республикалық бюджетке қосылған құн салығының түсуін әкімшілендіру.

2021 жылдың өткен кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының автокөлік өткізу пункттерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде жүк тасымалдайтын 188 мыңнан астам көлік құралына қатысты құжаттарды сканерлеп, дерекқорға енгізді. 2020 жылмен салыстырғанда тауарларды әкелетін/экспорттайтын көлік құралдарының саны 8 мыңнан астам өсті, бұл карантиндік шаралар аяқталғаннан кейін сауданың артқанын және кәсіпорындар қызметінің қайта жанданғанын көрсетеді.

          2020 жыл ағымында әлемде және Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуының теріс әсерімен ерекшеленді, бұл бюджет кірістері динамикасының айқындаушы факторына айналды. 2020 жылға арналған тауар айналымының жалпы төмендеуі аясында импорт көлемін өткен жылдың деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өсіммен қамтамасыз ету 2021 жылдың екінші жартыжылдығы ішінде импорттың ұлғаюына, сондай-ақ салық түсімдері үшін қосымша резервтерді іздестіру бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.

          ОҚО бойынша МКД Экспорттық бақылау басқармасының БСК 105115 «ЕАЭО елдерінен импорттан ҚҚС» бойынша жұмысының нәтижесінде жылдық жоспарында 17 971,6 млн.теңге бола тұра, 19280,6 млн.теңге түсті, жылдық болжамның орындалу пайызы 107,3% құрады, болжамның артықшылығы 1309,0 млн.теңгені құрады. Бұл ретте 2020 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 108,8 % құрады. Анықтама бойынша – 2020 ж. импорттан ҚҚС 17 726,6 млрд. түсті.

          2021 жылы Пилоттық жоба аясында Қазақстан Республикасына тауарларды автомобиль өткізу пункттері арқылы әкелетін салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын бақылау мақсатында тәуекелді салық төлеушілердің көліктеріне 2000-нан астам навигациялық пломбалар ілініп, оның нәтижесінде импорттан 550 млн теңге ҚҚС түсті.

          Уәкiлеттi органдардан және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобиль өткiзу пункттерiнен алынған мәлiметтердi пысықтау нәтижелерi бойынша импортталатын тауарлардан қосылған құн салығы сомасының бюджетке түсетiн қосымша резервтерiн айқындау мақсатында 430,0 млн.теңге сомасына 300 салық төлеуші бойынша қосымша резервтер өндірілді және қосымша есептелді. 215 салық төлеуші бойынша 9,7 млн ​​теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді.

          2021 жыл ішінде салық төлеушілерге салық заңнамасын бұзу туралы, атап айтқанда – импортталған тауарларды әкелу туралы өтініштерді бермеу туралы 422 хабарлама жолданды. Салық төлеушілермен аталған хабарламаларды орындау нәтижесінде бюджетке 33 млн. теңге түсті.

          Сондай-ақ, Экспорттық бақылау басқармасымен тұрақты негізде салық төлеушілермен әңгімелесу, пломбаларды орнату кезінде жүргізушілерге және пломбаларды алу кезінде тауар алушыларға тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) берудің міндеттілігі туралы парақшалар беру, мессенджерлер арқылы апта сайынғы тікелей эфирде конференциялар өткізу және ТІЖ көшірімі мәселесі бойынша салық төлеушілермен әлеуметтік желілерде талқылауға қатысу жолымен

ТІЖ енгізу және ресімдеу нормаларын бақылайды. Тоқсан сайын Экспорттық бақылау басқармасы Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мақалалар жариялайды.

Дата публикации
25 января 2022
Дата обновления
25 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы