Cалық кодексінің 96-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мыналар:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомаларды аударған күннен бастап әрбір күн үшін Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы жоюы;
2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.
Түсінікте:
салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;
түсінікті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;
түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіздер және дәлелдемелер болып табылатын мән-жайлар көрсетілуге тиіс.
Егер түсінікте түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіз ретінде дәлелдемелерді растау ретінде құжаттар көрсетілетін болса, онда салықтық есептіліктен басқа, түсінікте көрсетілген құжаттардың көшірмелері түсінікке міндетті түрде қоса беріледі.
Түсінікті ұсыну арқылы хабарламаны орындау шеңберінде өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
1) мыналар:
жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысымен, жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;
заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;
2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;
3) мыналар:
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.