"Ақпараттандыру туралы" Заңның 33-1-бабының 9-тармағына сәйкес цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.10.2020 жылғы № 384/НК бұйрығымен бекітілген цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабардар ету қағидаларында цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабардар ету тәртібі айқындалған, оған сәйкес:
|
цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар |
қолданыстағы деректерді өңдеу орталықтары бойынша |
Цифрлық майнингті жүзеге асыруды тоқтататын тұлғалар |
|
Заңды тұлғалар 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша жоспарланған іс-шаралар (жобалауға дейін) туралы хабарлайды Жоспарланатын орналасу орны, мегаваттпен (МВт) тұтынылатын қуат көлемі, деректерді өңдеу орталықтарының жобалық электр энергетикалық қуаттарын кеңейту әлеуеті, деректерді өңдеу орталықтарының жабдықтарына Инвестициялар және заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы ақпарат ұсынылады. |
Заңды тұлғалар тоқсан сайын келесі айдың оныншы күніне дейін цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат ұсынады. Мегаваттпен (МВт) тұтынылатын қуаттың ағымдағы көлемі, деректерді өңдеу орталықтарының жабдықтарына жоспарланған инвестициялар, деректерді өңдеу орталықтарының инфрақұрылымын дамыту үшін ағымдағы жылға жоспарланған инвестициялардың әлеуеті және деректерді өңдеу орталықтарының қызмет көрсетуші персоналының жұмыс орындарының саны туралы ақпарат ұсынылады. |
Заңды тұлғалар цифрлық майнингті жүзеге асыру бойынша қызмет аяқталған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды |
Уәкілетті органды хабардар ету жүргізіледі:
- қағаз тасығышта-Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/14 С2.4 мекенжайы бойынша.
- немесе электронды түрде e-Otinish, Egov порталдары арқылы.