Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бюджеттік түсімдерді салыстырмалы талдау.

2021 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік бюджеттіне МКК құзыретіндегі салықтар және түсімдерден 79 млрд.теңге түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 34,1 млдр.теңге, жергілікті бюджетке 44,9 млрд.теңге.

2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің қарқыны 116,3% құрады, немесе 11,1 млрд.теңге  артық.

2021жылдың 9 айдың талдауы бойынша түсімдердің ірі сомалары келесі салалардан түсті:

Көтерме және  бөлшек сауда – 22%, немесе 17,3 млрд.теңге;

өңдеу өнеркәсібі – 16,3%, немесе 12,9 млрд.теңге:

Ауыл шаруашылығы – 15,3 %, немесе 12,1 млрд.теңге;

Тасымалдау және сақтау – 7,5%, немесе 5,9 млрд.теңге;

электрэнергиясымен жабдықтау – 6,4%, немесе 5,1 млрд.теңге.

 

Статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2021 жылдың 8 айы бойынша экономиканың негізгі салаларында: өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық - өндіріс қарқыны оң. Бірақ, көтерме және  бөлшек сауда,  тасымалдау және сақтауда  өндірісі төмендеді.

  • 2021 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 221,0 млрд.теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 7,5% артық;
  • өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 8,8%;
  • сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте – 21,2% өсті;
  • кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 1,1%;
  • 2021 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметінің) көлемі 240,9 млрд.теңгені құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңнен 0,6% артық;
  • 2021 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 2626 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен), немесе 2020 жылғы қаңтар-тамызға 75,7% құрады;
  • жолаушылар айналымының көлемі 355,2 млн. жкм, немесе 2020 жылғы қаңтар- тамызға 36,6% құрады;
  • құрылыс жұмыстарының (көрсетілетін қызметінің) көлемі 51,3 млрд. теңгені, немесе 2020 жылғы қаңтар-тамызға 106,8% құрады.

    Сонымен бірге, салық түсімдерінің қарқыны облыс экономикасының өсуінен озды.

Экономиканың салалары

Статистикаға сәйкес 8 ай. қарқыны, %

8 ай. салық түсімдерінің қарқыны, %

Қарқынның ауытқуы (гр.3-гр.2)

1

2

3

4

Ауыл шаруашылығынын  жалпы өнімі (қызметтер)

100,6

127,1

26,5

Құрылыс жұмыстары

106,8

123,8

17,0

кен өндіру өнеркәсібі

98,9

135,9

37,0

өңдеу өнеркәсібі

108,8

131,0

22,2

Көтерме және  бөлшек сауда

111,3

117,6

6,3

Салық түсімдерің  ұлғайту мақсатында салық әкімшілендіру бойынша  тұрақты түрде  жұмыс жүргізілуде. Барлық бағытта жұмыс нығайтылды. Мемлекеттік сатып алу, құрылыс ұйымдар, АШТӨ-лер бойынша мақсаттық топтар құрылды, ЭШФ  мәліметтер, үшінші тұлғалар Базаның мәліметтер бойынша  әкімшілендіру жүргізіледі. Ірі салық төлеушілер басқармасы бойынша республикалық мониторингтегі кәсіпорындармен бірге аумақтық ірі кәсіпорындар бойынша әкімшілендіру жүргізіледі.

Нақты жұмыс үшін қосымша резервтерді анықтау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

2021 жылдың 9 айы қортындысы бойынша 6,1 млрд.теңге резерв сомасы түсті (оның ішінде  РБ-4,9 млрд.теңге, ЖБ – 1,2 млрд.теңге), МКК құзыреттегі жалпы түсімдердің  үлесі 8% құрайды (құзыреттегі түсімдер – 79,0 млрд.теңге). Ең ірі түсімдер ЭШФ әкімшілендіру -1,7 млрд.теңге, қамералдық бақылау – 1,0 млрд.теңге, салық тексеру – 0,6 млрд.теңге және т.б.

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
01 ноября 2021
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы