Меню

Страницы

Статья

Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі

Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі

 

ҚР Салық кодексінің 132-бабы

  1. Ірі салық төлеушілердің мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелгенін және салықтар мен бюджетке төлемдердің уақтылы төленгенін (ұстап қалуын және аударылуын) растайтын құжаттар мен жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің), оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, қаржылық есептілігін ұсынуды талап етуге құқылы.

Бұл ретте осы талапты ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілер талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орындауға тиіс.

  1. Ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган олар туралы Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушіге хабарлайды.

Бұл ретте ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеуші осындай хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

Ұсынылған түсіндірмемен келіспеген жағдайда уәкілетті орган туындаған мәселелерді талқылау үшін қосымша құжаттар мен түсіндірмелер бере отырып, ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын осындай салық төлеушіні шақыруға құқылы.

Мониторинг нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган жазбаша түрде дәлелді шешім шығарады, ол шығарылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушіге жіберіледі.

Ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеуші шешіммен келісетіні туралы хабарламаны оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде ұсынады.

Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы