Меню

Страницы

Статья

Шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары (АСР).

Арнаулы салық режимі-салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салық есептілігін ұсынудың ерекше тәртібі.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны:

 оңайлатылған декларация негізінде – 30 адамнан;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – 50 адамнан аспайтын;

 

2) арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

патент негізінде-республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;

оңайлатылған декларация негізінде-республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын.

 

      Бұл ретте оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушінің кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.

3) мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын:

акцизделетін тауарларды өндіру;

акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудада өткізу;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткізу;

лотерея өткізу;

жер қойнауын пайдалануға;

шыны ыдысты жинау және қабылдау;

түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу;

консультациялық қызметтер;

бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі;

Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;

қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет.

 

Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.

 

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:

1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;

2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

3) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) әртүрлі елді мекендерде Салық салу объектілері бар салық төлеушілер.

Арнаулы салық режимдерін қолданатын адамдарға салық салу мақсатында оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше салық төлеушінің өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып танылады. Егер жұмыс орны бір айдан астам мерзімге құрылса, ол стационарлық жұмыс орны болып есептеледі.

Ереже мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі қызметті ғана жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды;

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;

6) коммерциялық емес ұйымдар;

7) ойын бизнесі салығын төлеушілер.

Осы бапқа сәйкес шағын бизнес субъектісі болып табылатын дара кәсіпкер шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданған кезде оңайлатылған тәртіппен салықтық есепке алуды жүргізуге құқылы.

Күнтізбелік жыл патент негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі болып табылады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.

 

 

Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы