Меню

Страницы

Статья

"Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар"

"Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар"

ПРЕСС-РЕЛИЗі

2021 жылғы қыркүйек

Құрметті салық төлеушілер!

             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мынаны хабарлайды.

  1. ТІЖ пилоттық жобасын аяқтауға қатысты

ТІЖ міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастықтың келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде импорт/экспорт және Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

 

  1. Жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігіне қатысты (ҚР ӘҚБтК 283-1-бабы)

             Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 176-бабына сәйкес ТІЖ бойынша ресімдеу тәртібі мен құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді. Тәртіп Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

             Бұл ретте, көрсетілген НҚА жеке тұлғалардың ТІЖ ресімдеу, сондай-ақ растау бойынша міндеттемелері көзделмеген, тиісінше мұндай тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

 

  1. Жеке тұлғалардың атына ЭШФ және ТІЖ жазып беруге қатысты

Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп айырысулары сатып алушыға БКМ чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайда, сондай-ақ, олар үшін есеп айырысулар электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

             "Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығына сәйкес Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында мынадай кезеңде: 2021 жылғы 1 қаңтар-2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде:

             ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған ҚР НҚА көзделген жағдайларда салық төлеушілер үшін;

             импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер үшін;

             электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер үшін іске асырылады.

             Қағидалардың 4-тармағына сәйкес көрсетілген жағдайларда, тауарларды:

1)сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

2) ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілермен жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

             Осылайша, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген тауарларды жеке тұлғаларға өткізу кезінде ҚҚС төлеуші болып табылатын және ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер шот-фактура жазбауға құқылы.

             Сондай-ақ қолданыстағы ТІЖ ережелеріне, сондай-ақ ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаға сәйкес жеке тұлғалардың атына ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндеттемелер жоқ екенін хабарлаймыз.

 

  1. Айналымды жасау күнін анықтауға қатысты

         Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 379 - бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2, 5, 7 – 12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, мыналар:

      1) егер шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе – мынадай күндердің бірі:

      өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауар берілген күн;

      тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;

       2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде – өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;

      қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

             Осылайша, тауарларды жеткізу шарттарына байланысты айналым жасалған күн ТІЖ растау күні бойынша, ТІЖ-де көрсетілген тауарларды тиеп жөнелту күні бойынша не бастапқы бухгалтерлік құжаттың басқа күні бойынша айқындалуы мүмкін.

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы