Меню

Страницы

Статья

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы ақпарат.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабының 19-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 "Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөніндегі алдын ала шешім беру қағидалары, шарттары мен мерзімдері бекітілді.

Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш алдын ала шешім қабылдағаны үшін кедендік алымның төленгені туралы құжатты және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайларда алдын ала шешім беру туралы өтінішпен жүгінуге негіз болған құжатты қоса бере отырып беріледі.

Алдын ала шешім 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, өтініш қағаз жеткізгіште берілген жағдайда – өтініш органның кеңсесінде тіркелген күннен бастап, өтініш органның ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда – электрондық-цифрлық қолтаңба қойылған өтініш жіберілген күннен бастап беріледі.

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім қабылдау процесін автоматтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік құнды айқындау әдістерін қолдану бойынша алдын ала шешімдер қабылдау тетігі бөлігінде "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесінің "Кедендік көрсетілетін қызметтер" модулінде алдын ала шешім қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін алу туралы өтініш беру тетігін іске асырды.

"Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесінің "Кедендік көрсетілетін қызметтер" модулі әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді алудың электрондық форматын толық көлемде қамтамасыз етеді.

Дата публикации
08 сентября 2021
Дата обновления
08 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы