Ірі салық төлеушілер мониторингі
ҚР Салық кодексінің 130-бабы
1) салық кезеңінің соңына тіркелген активтердің құндық баланстарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) қызметкерлер саны кемінде 250 адамды құрайды.
Осы баптың мақсаттары үшін:
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағандағы жылдық жиынтық табыс ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректерінің негізінде айқындалады;
2) тіркелген активтердің құндық баланстарының сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жылғы салық есептілігі негізінде айқындалады;
3) қызметкерлердің саны ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация деректерінің негізінде айқындалады.
Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, ҚР Салық кодексінің 241-бабында көзделген түзетуді ескерместен жылдық жиынтық табысы ең көп сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) және (немесе)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға);
1-1) төленген салықтардың жыл сайынғы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жыл соңында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын салық төлеушілер болып табылады.
Бұл ретте төленген салықтардың жыл сайынғы сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы күнтізбелік үш жылдың әрқайсысы үшін айқындалады;
2) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына мынадай шарттарға сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы: :
кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге келісімшарт жасалды;
жер қойнауын пайдаланушы Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған.
1) Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілерден ҚР Салық кодексінің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы ең көп ірі салық төлеушілерге алғашқы үш жүз;
2) Осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер құқылы.
Егер ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші тарату сатысында тұрған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы тізбеге енгізілуге жатпайды.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі және ол қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойы қолданыста болады. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын жағдайларды қоспағанда, осы тізбе оның қолданылу кезеңі ішінде қайта қарауға жатпайды.