Меню

Страницы

Статья

Жеке кәсіпкер үшін оңалту рәсімін қолдану мүмкіндіктері

Қазіргі уақытта "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы оңалту рәсімін қолдану арқылы кәсіпорындарды сауықтырудың негізгі құралы болып табылады, бұл кейіннен кредиторлармен толық есеп айырысуға және қаржылық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Оңалту рәсімі - сот тәртібімен енгізіледі, оның шеңберінде борышкерге төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады.

Жеке кәсіпкерге салықтық міндеттемелерді не өзге кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап төрт ай ішінде, ал әлеуметтік сипаттағы кредиторлардың алдында (өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алименттерді, жалақыны және басқа да ілеспе төлемдерді өндіріп алу) орындалмаған жағдайда - оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде оңалту рәсімі де қолданылады.

Оңалту рәсімі енгізілген кезде берешектің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды) есептеу тоқтатыла тұрады, алынған кредиттер бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады, банк шоттарынан тыйым салу алынып тасталады, мүлікті берешекті өтеу есебіне өткізу тоқтатыла тұрады.

Берешек кейінге қалдыру кестесі бойынша 5 жыл ішінде өтеледі, бұл ретте жұмыстардың маусымдылығын ескере отырып, икемді өтеу кестесі белгіленеді.

Дебиторлық берешекті өндіріп алуды қоса алғанда, оңалту өндірісінің пайдасына талап қою берілген кезде борышкер мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа жүгіну үшін борышкер жеке кәсіпкердің шешімі қажет және әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғамен уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасасу қажет.

Толық ақпарат алу үшін Сіз "ҚР ҚМ МКК СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" РММ (оңалту және банкроттық бөлімі), СҚО Петропавл қ., к. Сүтішев к-сі,56, 309 каб. жүгіне аласыз, тел. 8-7152-46-73-32.

 

 

Борыштармен жұмыс басқармасы

 

 

Дата публикации
23 июня 2021
Дата обновления
23 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы