Меню

Страницы

Статья

Салықтық әкімшілендіру

Салықтық әкімшілендіру салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді жинау бойынша салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, оның ішінде салықтық бақылауды жүзеге асыруды, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер және салықтық әкімшілендірудің осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарын көрсетуді білдіретін шаралар мен тәсілдер жүйесі (жиынтығы) болып табылады.

Салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

Салықтық әкімшілендіру:

      1) заңдылық;

      2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;

      3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі сараланған тәсіл қағидаттарына негізделеді.

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы