Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау тәртібі

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық туралы кодексінің 218-бабына сәйкес жүзеге асырылады:

  1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент аталған мМемлекетте осы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
  2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан, болатын (тұратын) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттікті растауға салықтық өтінішті табыс етеді.

Егер тұлға уәкілетті органға тігінен тікелей бағынатын салық органында орналасқан, болатын (тұратын) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына ұсынылады.

Төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішпен мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

1) тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға, – заңды тұлғаның тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (өткізу орны көрсетілген директорлар кеңесінің немесе ұқсас органның жалпы жиналысының хаттамасы немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау орнын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау);

2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

3) резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам – нотариат куәландырған көшірмелер:

- шетелдік паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

- Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат (болған жағдайда);

- Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжат (визалар немесе басқа құжаттар);

4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

- шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;

- Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (визалар немесе басқа құжаттар);

- резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезең үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі беретін растау-хаты;

- "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш жасаудың алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылмайтындығы туралы ішкі істер органы берген растау-хат. Ішкі істер органы берген растау-хат шетелдіктің шетелдік паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мәліметтерін қамтуға тиіс.

Бастапқы жүгінген кезде резиденттікті растайтын құжат берілген жағдайда, онда резиденттікті растауға салықтық өтінішті одан әрі берген кезде ішкі істер органы берген растау хатты ұсыну талап етілмейді.

Резиденттікті растайтын құжат резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленген күнтізбелік жыл үшін беріледі.

  1. Салық органының резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті қарау қорытындысы бойынша:

1) тұлғаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайды.

Электрондық құжат нысанында резиденттікті растайтын құжат берілген жағдайда, осындай құжатты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру күні берілген күн болып табылады;

2) тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.

Тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту мынадай жағдайларда жүргізіледі:

- Салық кодексінің 217-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу;

- "Астана" халықаралық қаржы орталығы инвестициялық резидентінің резиденттігін растауға арналған өтініште көрсетілген кезеңнің резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленген кезеңге сәйкес келмеуі.

  1. Тұлғаның резиденттігі Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде резиденттікті растауға арналған салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін расталады.
  2. Резиденттікті растайтын құжат жоғалған жағдайда, мұндай құжатты берген салық органы резиденттің өтініші ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның телнұсқасын береді.

"Қазақстан Республикасының резиденттігін растау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес (Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген) салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Дата публикации
16 апреля 2021
Дата обновления
16 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы