Қазақстан Республикасының салық туралы Кодексінің 517-бабына сәйкес мүлік салығын төлеушілер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын, иелену, пайдалану құқығында салық салу объектісі бар концессионер;
4) Қазақстан Республикасының салық туралы Кодексінің 518-бабында көрсетілген тұлғалар.
Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін меншік құқығында бар, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны сақтау және өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын салық салу объектілері бойынша арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;
Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер өз Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша осы бөлімде айқындалған тәртіппен мүлік салығын төлейді;
2) мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік орта білім беретін оқу орындары;
3) қылмыстық жазаларды орындау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4) діни бірлестіктер болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық туралы Кодексінің 519-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі болып табылады:
1) Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осыларға жататын үйлер, ғимараттар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құрамында ескерілетін осындай ғимараттардың бөліктері;;
2) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осыларға жататын ғимараттар, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, осындай ғимараттардың бөліктері;
3) концессия объектілері болып табылатын үйлер, ғимараттар, иелену құқықтары,
концессия шарты бойынша пайдалануға берілген;
4) салық туралы ҚР Кодексінің 260-бабында көрсетілген активтер;
5) Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осыларға жататын үйлер, ғимараттар, Екінші деңгейдегі банктер активтерінің құрамында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ескерілетін, кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде әрекет ететін мүліктен өндіріп алуды айналдыру нәтижесінде меншікке өткен осындай ғимараттардың бөліктері;, ҚР Салық кодексінің 519-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда;
6) Салық туралы ҚР Кодексінің 518-бабының 6-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар.
Бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, ЖК-ның мүлкіне салынатын салық мынадай формула бойынша есептеледі: салық базасы * салық ставкасы, мұнда:
- Салық базасы, бұл бухгалтерлік есептің деректері бойынша салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны, бухгалтерлік есепті жүргізбейтін жеке кәсіпкерлер үшін оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ қайта құру мен жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы салық базасы болып табылады;
- Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әрбір айының 1-күніне және есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңі айының 1-күніне салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың 1/13-і ретінде айқындалады.
Мүлік салығының мөлшерлемелері (салық туралы ҚР кодексінің 521-бабы):
1.Заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
1) коммерциялық емес ұйымдар;
2) Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) кітапханалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар;
4) мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;
5) заңды тұлғалардың - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерлерін суару үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыстар объектілері бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар;
9) Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар;
10) технологиялық парктер;
11) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым.
0,1% салық ставкасы белгіленген заңды тұлғалар, егер салық салу объектілері оларға пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген болса, 1,5% ставкасы бойынша салық төлейді.
Мүлік салығының нөлдік ставкасы дербес білім беру ұйымдары мен қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасының салық туралы Кодексінің 700 – бабына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы кооперативтері Қазақстан Республикасының салық туралы Кодексінің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша-мүлік салығы, көлік құралдары салығы сомасын 70 пайызға азайтуға құқылы.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді (ҚР Салық туралы Кодексінің 522-бабының 7-тармағы).
Мүлік салығын есептеу үшін салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады. Түзеу мекемелері мен діни бірлестіктердің мемлекеттік кәсіпорындары үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезден бастап осындай пайдалану аяқталған кезге дейін айқындалады (ҚР Салық кодексінің 524-бабы).
Салық есептілігі (салық туралы ҚР Кодексінің 525-бабы)
Бұл ретте ағымдағы төлемдерді есептеу немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есебі ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша табыс етіледі.
Соңғы төлеу мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде
салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын табыс етпейді.
1) заңды тұлғалар;
2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша жүзеге асырады;
3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.