Меню

Страницы

Статья

Жер салығынесептеу және жерді мақсатсыз пайдалану ушін тәлем сомаларына қатысты.

Жер салығынесептеу және жерді мақсатсыз пайдалану ушін тәлем сомаларына қатысты.

509-баптың 4-тармағына сәйкес объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша осы Кодекстің 505, 506 және 507-баптарында және осы бапта белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері, 23-жолдарда көрсетілген мөлшерлемелерден басқа - Осы Кодекстің 505-бабының 27-кестесі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту берген күннен бастап он есе ұлғайтылады.

          509-баптың 5-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы тармақтың ережелеріне сәйкес жоғарылатылған салықтың базалық мөлшерлемелері жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту берген күннен бастап қолданылады.

509-баптың 7-тармағы бойынша, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар беретін жер салығын салық органдары жер салығының белгіленген мөлшерлемелерін және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып, салық төлеушіге жер салығының есептелген сомасы туралы хабарлама жібере отырып есептейді.

Уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтері бойынша жер салығы (104302 БСК) және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (105315 БСК) бойынша заңды және жеке тұлғалардың жеке шоттарына уәкілетті органның мәліметтері бойынша Тізіліммен есептеу жүргізу және Кодекстің 37 - бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарламаны есептеу күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жіберу қажет.

Дата публикации
19 марта 2021
Дата обновления
19 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы