Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда микро- және шағын бизнесті 3 жылға салықтан босату туралы

Қазақстанда микро- және шағын бизнесті 3 жылға салықтан босату туралы

    2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес, микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату және тексеру жүргізуді тоқтату бойынша тапсырма берілді.

 

 Арнаулы салық режимдерін (патент негізінде, оңайлатылған декларация негізінде, тіркелген шегерімді пайдаланумен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, сондай – ақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін) қолданатын және микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып танылатын тұлғалар  2020 жылдың 1 қаңтардан бастап  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-4-бабының ережелеріне сәйкес, 2020 жылдың 01 қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығында алынған табыстарға салынатын салықтан босату бойынша ережелерді қолдануға құқылы (бұдан әрі – босату).

 

«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:

1) осы Кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);

2) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;

3) осы Кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.

Босату бойынша ережелер:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотерея өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

10) кредиттік бюролардың қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;

16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

        СЭҚ-ті жүзеге асыратын тұлғалар деп, Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттері болып табылмайтын, үшінші елдердің аумағына/аумағынан тауарлар әкелуімен / апаруымен айналысатын салық төлеушілері қарастырылатыны атап өткен жөн (Армения Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларус Республикасы және  Қырғыз Республикасы).

    Сонымен, арнаулы салық режимдерін (патент негізінде, оңайлатылған декларация негізінде, тіркелген шегерімді пайдаланумен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, сондай – ақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін) қолданатын және микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып танылатын тұлғалар, жоғарыда аталған баппен белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда,   2020 жылдың 01 қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығында алынған табыстарға салынатын салықтан босатуға жатады.

     Бұл ретте, аталған үш жылдық  мерзімде пайда болған салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерге ғана босату жүргізіледі. Салық төлеушілер салықтық есеп нысандарын тапсырып, бақылау – касса машинасын қолдануға тиіс. Декларация тапсырған кезде, алынған табыстар бойынша деректерді көрсетіп, төленуге жататын салық сомасын 0 деп көрсету қажет.

Дата публикации
17 марта 2021
Дата обновления
17 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы