Меню

Страницы

Статья

«Үйдің жанындағы дүкендерге тауарларға ілеспе жүкқұжаттар рәсімдеу керек пе»

«Үйдің жанындағы дүкендерге тауарларға ілеспе жүкқұжаттар рәсімдеу керек пе»

Салық төлеушілердің назарына, оның ішінде үй жанындағы дүкендерде жұмыс істейтіндерге!

Пилоттық жоба шеңберінде сатып алушыларға бақылау-касса машинасының чегін бере отырып, тауарларды тек жеке тұлғаларға өткізуді жүзеге асыратын үйдің жанындағы дүкендер үшін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі-ТІЖ) ресімдеу бойынша талап жоқ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.11.2020 жылғы № 1104 бұйрығымен бекітілген ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тарауында бөлшек саудада ТІЖ ресімдеу жөніндегі ерекше ережелер белгіленген, оларға сәйкес ЭШФ АЖ-да ТІЖ бойынша рәсімдер бөлшек сауда субъектісінің қатысуынсыз берілген алгоритмдер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.

Осылайша, Қағидалардың 73-тармағына сәйкес бөлшек саудада тауарды сатуды жүзеге асыратын жеткізушінің өткізілген тауары деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чектері негізінде өткізілген күннен бастап 16 (он алтыншы) күнтізбелік күні виртуалды қоймадан автоматты түрде есептен шығарылады.

Бұл ретте, Қағидалардың 71-тармағына сәйкес өнім беруші мынадай өлшемшарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде бөлшек сауда субъектісі болып табылады:

кәсіпкердің жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарды сатып алушыға сатуы.

ЭҚЖЖ сәйкес бөлшек сауда қызметі түрінің сәйкестігі (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші);

деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы.

    Жоғарыда айтылғандар оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер он-лайн бақылау-касса машиналарын қолданған жағдайда тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде ТІЖ ресімдемейтінін білдіреді.

Бұл ретте, 14 күн ішінде сатып алушылардың тауарды дүкенге қайтаруға құқығы бар екенін ескере отырып, бөлшек саудада өткізілген тауарды есептен шығару деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чектері негізінде 15 күннен кейін жүзеге асырылады.

Бұл үшін жүйе фискалдық деректер операторынан (бұдан әрі – ФДО) алынған, жаңа "PRODUCT ID" өрісі бар БКМ чектерін өңдейді. Осы өрісте Жүйе автоматты түрде Виртуалды қоймада тауарды табады, чектегі тауардың атауы мен өлшем бірліктері Виртуалды қоймадағы тауардың атауына және өлшем бірліктеріне сәйкес келетінін тексереді және оны есептен шығарады.

Бөлшек сатушы Виртуалды қоймада ФДО чектерін кешіктіруге байланысты қалдықтардың болуы заңнаманы бұзу болып табылмайды.

ТІЖ ерікті түрде қолданған жағдайда барлық салық төлеушілер ҰКО (Ұлттық куәландырушы орталық) тегін ЭЦҚ негізінде ЭШФ АЖ сайтында тегін жұмыс істей алады.

Бұдан басқа, ТІЖ және ЭШФ ресімдеуді PLAY MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде ТІЖ бойынша санкциялар қолданылмайды.

ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны жүргізу мерзімдері:

1) акцизделетін тауарлар бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

2) ЕАЭО-дан әкелу/ЕАЭО-ға әкету бойынша-2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

3) Виртуалды қойманың тауарлары бойынша (ҚМ 384 бұйрығы) – 2021 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылады.

ТІЖ бойынша пилоттық жобаның басталу мерзімі ДСҰ алу тізбесіндегі тауарларға және цифрлық таңбалау тауарларына 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 ақпанға көшіріледі.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

1) Байланыс орталығына-1414 нөмірі бойынша, қосымша нөмірі 4;

2) Instagram-дағы ҚР ҚМ МКК парақшасында-мына сілтеме бойынша: https://instagram.com/press_kyzmet_kgd?r=nametag;

3) YouTube МКК арнасы- мына сілтеме бойынша: https://youtube.com/user/salykgovkz;

4) Facebook -тегі ҚР ҚМ МКК парақшасы – мына сілтеме бойынша: https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/;

5) "ҚР ҚМ МКК-мен ТІЖ енгізу" телеграмм қауымдастығы-мына сілтеме бойынша:https://t.me/joinchat/GKvfM8gwBMMuyA2M;

 6) Facebook - тегі "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) форумы – мына сілтеме бойынша: https://www.facebook.com/groups/esf.gov.kz

Дата публикации
17 марта 2021
Дата обновления
17 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы