Кеден саласында тарифтік емес реттеу туралы
жиі қойылатын 10 сұрақ
СҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы сыртқы экономикалық қызметті тарифтік емес реттеу саласындағы сыртқы саудаға қатысушылар жиі қоятын сұрақтарға шолу жасайды.
Туындаған мәселелер бойынша барлық мүдделі тұлғалар 8(7152) 46 55 93 телефоны бойынша хабарласа алады.
Жауап: Тыйым салулар мен шектеулер - бұл ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын, тарифтік емес реттеу шаралары, оның ішінде Одақ туралы Шартқа сәйкес біржақты тәртіппен енгізілетін шаралар, техникалық реттеу шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, экспорттық бақылау шаралары, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралар және Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген радиациялық талаптар.
Жауап: тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік рәсімдермен орналастырылады.
Жауап: тарифтік емес реттеу шараларының сақталуы осындай шаралардың сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы, сондай-ақ ЕАЭО туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылаудың алуан түрлерін жүзеге асыру нәтижелерімен расталады.
Жауап: Санитариялық-карантиндік бақылау, ветеринариялық-санитариялық бақылау, фитосанитариялық карантиндік бақылау, экспорттық бақылау (стратегиялық тауарлар мен әскери мақсаттағы өнімдердің саудасын бақылау) радиациялық бақылау, техникалық реттеу (регламенттер мен стандарттар талаптарына сәйкестік). Сондай-ақ кеден органдары өткізу пункттерінде СЭҚ тарифтік емес реттеу саласына кірмейтін көліктік бақылау жүргізеді.
Жауап: Жоқ. Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тарифтік емес реттеуге өткізетін тауарларына көбінесе олар жатпайды. Жеке тұлғалардың одақ туралы шартта көзделген, ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және (немесе) ЕАЭО кедендік аумағынан әкету ерекшеліктерін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.
Жауап: егер тыйым салулар мен шектеулерді белгілейтін актілерде олардың сақталуын растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалмаған жағдайда, олардың сақталуы тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен немесе экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде расталады.
Жауап: Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет кедендік рәсімдер декларанттарына жүктелмейді.
Жауап: тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет, егер олар тасымалданатын болса, халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік транзиттеу кедендік рәсімімен орналастыру кезінде декларанттарға жүктелмейді:
* келу орнынан халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлармен кедендік операцияларды жасау орнына дейін;
* келу орнынан кету орнына дейін.
Жауап: Шартты шығару-тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулерді сақтау шартымен тауарларды шығару. Сыртқы экономикалық қызметті тарифтік емес реттеу саласындағы шартты шығару реттеу шараларының сақталуын растау үшін қандай да бір салада (вет -, фито -, сан -, радиациялық бақылау) мемлекеттік бақылау нәтижелерін алу үшін белгілі бір уақыт аралықтары талап етілгенде пайдаланылады.
Жауап:
Егер тауарлардың ЕАЭО кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні белгіленбесе, бұзушылық анықталған күнге қолданылатын шаралар қолданылады.