«Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ұсынымдар
Алдын ала шешім қабылдау тәртібі ЕАЭО Кеден кодексінің (бұдан әрі – ЕАЭО КК) 23-25 – баптарында және "ҚР-дағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің (бұдан әрі-ҚР КК) 44-46-баптарында белгіленген.
Алдын ала шешім алу үшін мүдделі тұлға (декларант, қызмет көрсету туралы шарт негізінде декларанттың атынан кеден өкілі) ҚР КК-нің 45-бабына сәйкес "Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш нысанын бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Мемлекеттік кіріс органына өтінішпен жүгінеді. Өтінішке ҚР КК 45-бабының 2-тармағына сәйкес тауар туралы ақпараты бар құжаттар қоса беріледі.
Мұндай ақпаратқа мыналар жатады:
- тауардың сыртқы түрінің сипаттамасын, габариттерін, салмағын, өлшемдерін, мақсаты мен қолданылу саласын қамтитын толық сипаттамасы;
- тауардың сипатына қарай әрекет ету қағидатын, орындалатын функцияны, конструкцияны, жиынтықтауды, техникалық сипаттамаларды, тауарды дайындау құрамы мен материалын қамтитын тауардың техникалық сипаттамасы;
- қаптама сипаттамасы;
- кедендік декларациялауға ұсынылатын тауар түрі (бөлшектелген, жиынтықталмаған, өндірісте аяқталмаған және т.б.).
Алдын ала шешім қабылдау үшін құжаттардың болжалды тізбесі:
- тауардың сынамалары мен үлгілері (қажет болған жағдайда кедендік сараптама жүргізу үшін);
- сапа сертификаттары, сынақ хаттамалары, аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың сараптамалық актілері, сараптамалық ұйымдардың анықтамалары немесе куәліктері;
- техникалық және нормативтік-техникалық құжаттар (мысалы, техникалық паспорттар, рецептуралар және техникалық шарттар);
- тауардың схемалары, сызбалары, суреттері, фотосуреттері;
- жарнамалық проспектілер және ақпараттық парақшалар;
Мысалы, белгілі бір функцияны орындау үшін бірге жиналған және кедендік рәсімге бір мезгілде орналастырылатын жекелеген компоненттерден тұратын технологиялық желіні жіктеу үшін оның құрамына кіретін жекелеген компоненттердің нөмірлерін (позицияларын) көрсете отырып, желінің ерекшелігін, құрастыру сызбасын (схемасын) ұсыну қажет; желі компоненттерінің функционалдық өзара байланысын көрсете отырып, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы; тұтас алғанда желі функциясын және желінің жекелеген компоненттері орындайтын функцияларды сипаттау.
Өтініште мәлімделген ақпараттың ғана заңды мәні бар екеніне назар аударамыз.
Алдын ала шешім белгілі бір марканы, модельді, артикулді, түрлендіруді (ЕАЭО КК-нің 23-бабының 4-тармағы және ҚР КК-нің 44-бабының 3-тармағы) қамтитын тауардың әрбір атауына қабылданады және ол туралы мәліметтер сыныптау туралы алдын ала шешімде көрсетілген тауарға ғана қатысты қолданылады.
Алдын ала шешімді мемлекеттік кіріс органдары тауарды кедендік декларациялау сәтіне дейін қабылдайды.
СЭҚ ТН сәйкес алдын ала шешім белгісіз тұлғалар тобына емес, нақты тұлғаға есептелген.
Алдын ала шешім ЕАЭО КК 21-бабы 6-тармағы екінші абзацының ережелеріне сәйкес міндетті болып табылады.
Яғни, тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік кіріс органы мен декларант Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелінген тауар мемлекеттік кіріс органы берген алдын ала шешімде сипатталған тауарға сәйкес келген жағдайда осы шешімді басшылыққа алуға тиіс.
Алдын ала қабылданған шешімдерден алынған ақпарат КҚК-ның 18.06.2010 жылғы № 297 шешіміне сәйкес ЕАЭО-ның интернет сайтында орналастырылады және барлық мүдделі тұлғалар үшін еркін қолжетімділікте болады.