Меню

Страницы

Статья

Кеден бекеттері және экспорттық бақылау қызметкерлерінің өтемақы төлемдері бойынша.

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексінің 341-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алынып тасталады (бұдан әрі-табысты түзету):

41) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 130-бабының 1-тармағына сәйкес өтемақы төлемдері тұрақты тұрғылықты жерінен тыс болған әрбір күн үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Осы бапқа сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп – тұру сипаты бар, не Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қызмет көрсетілетін учаскелері шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болатын кезде кедендік және экспорттық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге өтемақы төлеу Тәртібін бекіту туралы" 2020 жылғы 15 маусымдағы №188 бұйрық қабылдады (бұдан әрі-Тәртіп).

Осылайша, кедендік және экспорттық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге төлемдер өтемақы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті де өтемақы төлемі еңбек пен демалысты ұйымдастыру режиміне қарамастан, жұмыс орнына және кері қайту сапарының нақты күндерінің санына пропорционалды түрде жүргізіледі деген осындай қорытындыға келді (21.09.2020 ж. № МКК-06-2-34/6163-Ихаты).

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңына сәйкес

1) әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасы – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы;

18) құқық нормасы – реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы;

25) құқық нормасы – реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы.

"Құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы №188 бұйрығы Нормативтік-құқықтық актілерге жатады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде кеден бекеттері мен экспорттық бақылау қызметкерлеріне өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін өтемақыларға жатады.

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы