Егер осы бапта (салық кодексінің 490-бабының 1-тармағы) өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) есепте тұрған тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады (Салық кодексінің 491-бабының 1-тармағы).
Бұл ретте салық салу объектілері болып табылмайды:
1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан жоғары карьерлік автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер(Салық кодексінің 491-бабының 2-тармағы).
Бұл ретте жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустарды, соның ішінде олардың базасында жасалған арнайы автомобильдерді, мотоциклдерді және мотороллерлерді, құрамында автомобильдері бар қозғалысқа арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес және тәртіппен жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Мәселен, БАЖ-ға (көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі)және КҚТК-ға (көлік құралын тіркеу туралы куәлік) өзгерістер енгізу, оның ішінде көлік құралы қайта жабдықталған немесе түрі өзгерген жағдайда (Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасы) жүргізіледі.
Осылайша, Салық кодексінің 491-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының ережелері көлік құралының КҚТК ББАЖ-да мамандандырылған медициналық көлік құралына өзгеріс болған жағдайда қолданылады.
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес өтініш берген жеке не заңды тұлғаның лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға құқығы бар.