Меню

Страницы

Статья

Қызметкерлердің іссапар шығыстарына салық салу, сондай-ақ үшінші тұлғаның төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз жол жүру шығыстарын төлеудің заңдылығына қатысты мәселе.

Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық кодексінің осы бабында және салық кодексінің 243 - 263-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімдерді салық төлеуші табыс алуға бағытталған оның қызметіне байланысты осындай шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде нақты жүргізілген шығыстар бойынша жүргізеді(салық кодексінің 242-бабының 1, 3-тармақтары).
Осылайша,шегерімге жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, іссапар орнына баруға және кері қайтуға арналған шығыстар да жатады. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүру және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады: электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты; электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат; тасымалдаушы немесе электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты сатып алынған адам қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген жол жүру фактісін растайтын құжат (оның ішінде отырғызу талоны) (енгізу туралы Заңның 33-бабында жазылған редакцияда Салық кодексінің 244-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы).
Төлем карточкаларын шығару тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптар төлем карточкаларын шығару қағидаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптармен реттеледі. Корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында баяндалғанға байланысты электрондық билеттің құнын төлеуді растайтын құжат төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру фактісін растайтын құжат (сауда чегі) немесе қызметтік іссапарға жіберілген тұлғаға қатысты, оның ішінде үшінші тұлғаның төлем карточкасын пайдалана отырып төленген жағдайда жүзеге асырылған төлемдер туралы ақпаратты қамтитын эмитент банктің үзінді көшірмесі болып табылады.

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы