Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама (бұдан әрі – «Хабарлама») негізінде жүзеге асырылады. Хабарлама eLicense.kz және egov.kz веб-порталдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер (Kaspi Bank және Halyk Bank) арқылы электрондық түрде беріледі.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу рәсімі Хабарлама веб-порталдар немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген сәттен бастап бір (1) жұмыс күні ішінде аяқталады.
Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда, жеке кәсіпкер өзгерістер орын алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, eLicense.kz және egov.kz веб-порталдары немесе екінші деңгейдегі банктер (Kaspi Bank және Halyk Bank) арқылы электрондық түрде Хабарлама беру жолымен осы өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.