Меню

Страницы

Статья

Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) қатысушыларының ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу туралы өтінішті (328.00 салық есептілігі нысандары) ұсыну қажеттілігіне қатысты

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын, салықтарды төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсімге орналастырылатын тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

         Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 525-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнімнің құрамында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды мынадай шарттар сақталған кезде:

 1) тауарлар еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған;

 2) еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен аяқталады;

 3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамында тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылған.

         «Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 1004 Жарлығының 2-тармағының 18-бабына және «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың» 1-бабына сәйкес, тауарларды кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізген және оларды кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды (328.00-н).

         Оның орнына мемлекеттік органға оған сәйкес мұндай тауарлар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияның куәландырылған көшірмесі ұсынылады.

         «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 3 қарашадағы № 662 бұйрығының 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығын төлеуден босату және (немесе) салықтарды төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсімге орналастыра отырып, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

          ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде декларант тауарларға кедендік декларацияны беруге байланысты тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тапсырмайды.

         Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарлар өткізілген жағдайда, және оларды осы басқа мүше мемлекеттің аумағындағы еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімдерімен орналастырған кезде бірінші мүше мемлекеттің салық органына өтініштің орнына басқа мүше мемлекеттің кеден органы куәландырған кедендік декларацияның көшірмесі ұсынылады оған сәйкес мұндай тауарлар еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімдерімен орналастырылған.

         Осылайша, тауарларды ЕАЭО аумағынан әкелу кезінде салықтарды төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсіммен орналастыру кезінде ҚҚС төлеу бойынша міндет туындамайды.

 

 

 

Дата публикации
25 августа 2026
Дата обновления
25 августа 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы