2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 101,7% орындалды (жоспар бойынша 163,2 млрд.теңге, факті 165,9 млрд.теңге). Қарқыны 127% немесе 35,3 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 101,6% немесе 1,4 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 86,0 млрд.теңге, түсімдер сомасы 87,3 млрд.теңге. Қарқыны 102,2% (+1,9 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 101,8% (+1,4 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 77,2 млрд.теңге, түсімдер сомасы 78,6 млрд.теңге. Қарқыны 173,9%, немесе 33,4 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 106,5% құрады. Қарқыны 142,8% (+2,1 млрд.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 2,6 млрд.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 0,6 млрд.теңгеге аз(2025 жылғы 7 айында 3,2 млрд. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 44% немесе 34,6 млрд.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС – 36% немесе 27,9 млрд.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 10% немесе 7,6 млрд.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС – 8%, немесе 6,4 млрд.теңге;
басқа көздер – 3%, немесе 2,1 млрд.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.