2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 113,0% орындалды (жоспар бойынша 116,8 млрд.теңге, факті 132,0 млрд.теңге). Қарқыны 133,1% немесе 32,8 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 106,6% немесе 4,1 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 62,7 млрд.теңге, түсімдер сомасы 66,8 млрд.теңге. Қарқыны 106,1% (+3,9 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 120,5% (+11,1 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 54,1 млрд.теңге, түсімдер сомасы 65,1 млрд.теңге. Қарқыны 180,1%, немесе 29,0 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 91,8% құрады. Қарқыны 122,0% (+805,1 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 2405,5 млн.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 534,9 млн.теңгеге аз(2025 жылғы 5 айында 2940,4 млн. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 50% немесе 32,7 млрд.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС – 33% немесе 21,5 млрд.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 8% немесе 5,5 млрд.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС – 6%, немесе 4,0 млрд.теңге;
басқа көздер – 2%, немесе 1,4 млрд.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.