Салық органы дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жібереді.
Дебитор салық органына қағаз немесе электрондық жеткізгіште салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін және (немесе) хабарламаны алған күнге өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін жасау мүмкін болмаған жағдайда, салық төлеушімен өзара есеп айырысуларды растайтын құжаттарды ұсынады.
Дебиторлық берешек сомасын растау туралы хабарлама орындалмаған жағдайда салық органы:
1) дебиторларға қатысты салықтық тексеру жүргізеді;
2) аталған хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі келесі бір жұмыс күні ішінде банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.