Меню

Страницы

Статья

Салық берешегінің шекті мөлшері.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес, салық берешегінің шекті мөлшері – уәкілетті орган айқындайтын салық берешегінің мөлшері болып табылады. Осы мөлшерден асқан жағдайда салық органы осы Кодекстің 86 және 87-баптарында, сондай-ақ 185, 186, 187, 188 және 189-баптарында көзделген салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және (немесе) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидентке, жеке кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаға қолданады.

Салық берешегінің шекті мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің кемінде 20 еселенген мөлшерінде белгіленеді және салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің әрбір тәсілі мен (немесе) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың әрбір шарасы үшін жеке айқындалады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 552 бұйрығына сәйкес салық төлеуші – заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидентке, жеке кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаға қатысты салық берешегінің шекті мөлшері төмендегідей белгіленген:

1) Айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшері, одан асқан жағдайда:

Салық кодексінің 86-бабында көзделген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

Салық кодексінің 185-бабында көзделген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша қаражаты есебінен өндіріп алу қолданылады.

2) Айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшері, одан асқан жағдайда:

Салық кодексінің 87-бабында көзделген тәртіппен салық берешегі сомасы шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік ету құқығын шектеу;

Салық кодексінің 186-бабында көзделген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларының шоттарынан салық берешегін өндіріп алу;

Салық кодексінің 187-бабында көзделген тәртіппен билік ету құқығы шектелген мүлікті өткізу есебінен салық берешегін өндіріп алу;

Салық кодексінің 188-бабында көзделген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару қолданылады.

3) Айлық есептік көрсеткіштің 27 000 еселенген мөлшері, одан асқан жағдайда:

Салық кодексінің 189-бабында көзделген тәртіппен заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, жеке кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғаның бірінші басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылады.

Дата публикации
16 июня 2026
Дата обновления
17 июня 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы