Меню

Страницы

Статья

Электрондық сауда тауарларын декларациялауды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСД) пайдалана отырып, электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды енгізу көзделіп отырғанын хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді.

Сонымен қатар, Алқаның 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру бойынша жұмыстар аяқталып, «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСД) функционалы әзірленді. Аталған функционалды іске қосу және ЭСД-ны қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды: ДЭТ-Тестирование УВЭД https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcy.

Аталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады. Осыған сәйкес, жоғарыда көрсетілген мүдделі тұлғаларға жүйені тестілеуге қатысу ұсынылады. Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды аталған чатқа жолдауға болады

Дата публикации
12 июня 2026
Дата обновления
12 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы