2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 111,6% орындалды (жоспар бойынша 63,3 млрд.теңге, факті 70,6 млрд.теңге). Қарқыны 121,5% немесе 12,5 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 109,9% немесе 3,4 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 34,4 млрд.теңге, түсімдер сомасы 37,8 млрд.теңге. Қарқыны 102,2% (+0,8 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 113,7% (+4,0 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 28,9 млрд.теңге, түсімдер сомасы 32,9 млрд.теңге. Қарқыны 155,0%, немесе 11,7 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 102,9% құрады. Қарқыны 131,8% (+551,2 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 74,1 млн.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 26,9 млн.теңгеге аз (2025 жылғы 3 айында 47,2 млн. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 54% немесе 17,8 млрд.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС – 26,2% немесе 8,6 млрд.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 10,5% немесе 3,5 млрд.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС – 6,1%, немесе 2,0 млрд.теңге;
басқа көздер – 3,2%, немесе 1,1 млрд.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 1631,1 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 1165,7 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау – 775,5 млн.теңге,
үшінші тұлғалардың деректер базасы - 158,6 млн.теңге,
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 151,1 млн.теңге және т. б.