Меню

Страницы

Статья

2026 жылғы 2 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары

2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 126,5% орындалды (жоспар бойынша 40,8 млрд.теңге, факті 51,7 млрд.теңге). Қарқыны 125,8% немесе 10,6 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 111,8% немесе 2,7 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 22,8 млрд.теңге, түсімдер сомасы 25,5 млрд.теңге. Қарқыны 102,1% (+0,5 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 145,1% (+8,1 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 18,0 млрд.теңге, түсімдер сомасы 26,1 млрд.теңге. Қарқыны 162,8%, немесе 10,1 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 76,4% құрады. Қарқыны 103,2% (+36,6 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 4,2 млн.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 43,0 млн.теңгеге аз (2025 жылғы 2 айында 47,2 млн.теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 63% немесе 16,4 млрд.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС – 22% немесе 5,8 млрд.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 9% немесе 2,4 млрд.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС – 4%, немесе 1,1 млрд.теңге;
басқа көздер – 2%, немесе 0,5 млрд.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 1 358,7 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 1 082,0 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау - 590,2 млн.теңге,
салық берешегін өндіріп алу - 253,0 млн.теңге,
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 170,2 млн.теңге және т. б.

Дата публикации
16 марта 2026
Дата обновления
05 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы