Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы 03 қазандағы № 351 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 06 қазандағы № 574 бірлескен бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды (сыртқы экономикалық қызмет тауарының коды (бұдан әрі - СЭҚ ТН) 0102 және СЭҚ ТН 0104 коды бойынша ұсақ мүйізді аналық мал басы.
Осы бұйрық 2025 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған тыйым салудың мақсаты елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асыл тұқымды мал басын сақтау және дамыту, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу және сиыр етінің бағасын тұрақтандыру болып табылады.
«Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 449 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.
Тыйым салу көліктің барлық түрлеріне мынадай ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына қолданылады:
код 7404 00 - мыс қалдықтары мен сынықтары, 7602 00 - алюминий қалдықтары мен сынықтары, 7802 00 000 0 - қорғасын қалдықтары мен сынықтары, 8549 11 000 0 - қорғасын аккумуляторларының қалдықтары мен сынықтары, 8549 12 000 0 - құрамында қорғасын бар өзге де пайдаланылған қорғасын аккумуляторлар, 8549 13 000 0 - химиялық түрi бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын жоқ кадмий немесе сынап, 8549 14 000 0 - сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, 8549 19 000 0 - өзгелері;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 - құбырларды, рельстерді, темір жол төсемі мен жылжымалы құрам элементтерін пайдалануда болған қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, қайта балқытуға арналған қара металл құймалары (шихталық құймалар): ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7302 - қара металдардан жасалған бұйымдар, темір жол немесе трамвай жолдары, рельстер, контррельстер және тісті рельстер үшін пайдаланылатын ауыспалы рельстер, тұйық қиылысу айқастырмалары, ауыспалы штангалар және өзге де көлденең қосылыстар, шпалдар, жапсарлас жапсырмалар мен төсемдер, сыналар, тiрек плиталары, iлмектi рельс бұрандалары, рельстерді жалғауға немесе бекітуге арналған жастықтар мен тартпалар, станиналар, көлденеңдер және өзге де бөлшектер, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7303 00 - шойын құймадан жасалған қуыс құбырлар, түтіктер және профильдер, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7304 - қара металдардан жасалған, жіксіз қуыс құбырлар, түтіктер және профильдер (шойын құймадан басқа), ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7305 - өзге де құбырлар мен түтікшелер Сыртқы диаметрi 406,4 мм-ден астам, қара металдардан жасалған дөңгелек қималы (мысалы, дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсiлмен бiрiктiрiлген), ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7306 - құбырлар, түтiктер және өзге де қуыс профильдер (мысалы, ашық тігісті немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), қара металдардан, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8607 - жөндеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ жөндеу және қайта әкету үшін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін жылжымалы құрамның бұрын қолданыста болған элементтерін қоспағанда, темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері автомобиль көлігімен кері әкелінетін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 12 000 0 - өзге де арбалар, 8607 19 100 1 - бұрын пайдаланылған, 8607 19 100 9 - өзгелері, 8607 19 900 9 - өзгелері, 8607 21 100 9 - өзгелері, 8607 21 900 9 - өзгелері, 8607 29 000 0 - өзгелері, 8607 30 000 0 - ілмектер және өзге де тіркеу құрылғылары, буферлер, олардың бөлшектері, 8607 99 800 0 - өзгелері.
Осы бұйрық 2025 жылғы 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу отандық металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Бұл ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу үшін және қосылған құны неғұрлым жоғары өнім шығару үшін жасалады.