Меню

Страницы

Статья

«Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеу жүргізу туралы

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы
30 мамырдағы № 75 «Тауарларға арналған декларация мен тауарларға арналған декларацияны түзету құрылымы мен форматы туралы және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру мақсатында «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларация форматы іске асырылды.

Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және оңайлатуды, сондай-ақ қағаз түріндегі құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді көздейді. Атап айтқанда, декларантқа жолданатын барлық сұрау түрлері, ТД-ға өзгерістер енгізу туралы Талап/Шешім нысаны, ТД-ға өзгерістер нысаны және басқа да құжаттар автоматтандырылды.

Осыған байланысты 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша сынақтан өткізу басталады.

Сынақ онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі. Кез келген тұлғалар сынаққа қатыса алады.

Өтінімдерді беру тәртібі мен сынақ өткізілетін кесте «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің тесттік порталында жарияланған – https://test-keden.kgd.gov.kz. Сол жерде сынақты өткізу тәртібі, бейнесабақтар, пайдаланушы нұсқаулығы, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, байланыс деректері, сондай-ақ «Тауарларға арналған декларация» модуліне қатысты ескертулер мен ұсыныстарды жіберу функциясы туралы ақпарат  орналастырылған.

«Тауарларға арналған декларация» модулін іске қосу жобалық мерзімі 2026 жылғы қаңтардың екінші онкүндігіне жоспарланған. Сонымен қатар, модульді іске қосу ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.

Құрметті сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары! Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сынаққа белсенді қатысуға шақырады!

Дата публикации
03 ноября 2025
Дата обновления
03 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы